Таразда екі шағын аудан пайда болады

0
1 203

Келесі жылға 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Жоспарда бюджет есебінен 28 көп қабатты тұрғын үйдің және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар


Таразда екі шағын аудан пайда болады

ERNUR.KZ. Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласына салынып жатқан жаңа екі шағын ауданның құрылысы туралы баяндады, деп жазады Baq.kz.

Жолдаудың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша өңірде бірқатар жобаларды іске асырылып жатыр.

«Таразда қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі шағын ауданның құрылысы басталды. Бұл жерде жылдың аяғына дейін 10 көп қабатты тұрғын үй берілетін болса, келесі жылы 25 үй тапсырылады», - деп атап өтті өңір басшысы.

Әкім Тараз қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 686 пәтер азаматтарға берілуге дайын екенін айтты. Сондай-ақ, облыста ипотекалық несиенің алғашқы жарнасы 30%-дан 20%-ға төмендеуіне байланысты пәтер алу мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артқан.

«Келесі жылға 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Жоспарда бюджет есебінен 28 көп қабатты тұрғын үйдің және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар. Соның ішінде, 20 үйді «7-20-25» бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр», - деді Асқар Мырзахметов Орталық комуникациялыр қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.