Таразда ер адам түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірік алып кірмек болған

0
150

Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.


Таразда ер адам түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірік алып кірмек болған

© Photo : Ұлттық Ұлан

ERNUR.KZ. Тараздағы түзеу мекемесіне жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізбек болған ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
19 маусым күні сағат шамамен 13:10-да алдын ала алынған жедел ақпаратты іске асыру барысында №59 мекемесі қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлесіп, қысқа мерзімді кездесу үшін келген азаматтың жеке заттарын тексеру іс-шараларын жүргізді.
"Тексеру барысында келушінің жеке заттарының арасынан мекеме аумағына алып кіруге тыйым салынған техникалық құрылғы анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған зат кәдімгі қара көзілдірік болып көрінгенімен, іс жүзінде жасырын аудио және бейнежазба жасау құралдарымен жабдықталған құрылғы болып шықты. Тексеру іс-шаралары басталар алдында азаматқа заңда белгіленген тәртіппен тыйым салынған заттар мен техникалық құралдарды өз еркімен тапсыру талабы түсіндірілген болатын, алайда бұл талап орындалмаған.
Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сондай-ақ ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілді. Жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін сотқа жолданды.