Мәйітті жергілікті учаскелік полицей тауып алған.
ERNUR.KZ. Таразда құдықтан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ер адамның денесін жергілікті учаскелік полицей аумақты тексеру кезінде тауып алған.
«Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторы Тараз қаласындағы шағынаудандардың біріндегі үй артындағы құдық ішінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, 50-60 жас шамасындағы белгісіз ер адамның денесін тапты», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ер адамның жеке басы анықталып жатыр.