Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою.
ERNUR.KZ. 5 сәуірде сағат 11:00-13:00 аралығында Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінде «Байтал – Антитеррор – 2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтеді деп жоспарлануда, деп жазады Zakon.kz.
Мәмбет батыр көшесінің бойында көлік қозғалысы шектеледі.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісінің жолын кесу, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау бойынша практикалық дағдыларын дамыту.Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб
Тұрғындардан өткізіліп жатқан лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарау, қауіпсіздік шараларын сақтау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау сұралады.