Тұтқынның қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
ERNUR.KZ. Таразда тұтқын полицейлердің көзінше қашып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.
Тұтқынның қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан тұтқын әйелімен қалай құшақтасқанын көруге болады. Олардың жанында полицияның қызметтік көлігі бар, ал ішінде полиция қызметкерлері отыр. Ер адам осы сәтте жағдайды пайдаланып, қабырғадағы құбырға өрмелеп, ғимараттың төбесіне шығады да қашып кетеді. Ал, полиция қызметкерлері оны ұстауға тырысады.
Кейінірек ер адам шынымен қашып кеткені мәлім болды. Алайда біраз уақыт өткен соң әлеуметтік желілерде тағы бір видео пайда болды. Онда бұрын қашып кеткен тұтқын ұсталғаны туралы жазылған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Тengrinews.kz тілшісіне тұтқынның қашқаны туралы ақпаратты растады. Бірақ ер адам ұсталған. Толық ақпаратты ведомство кейін ұсынуға уәде берді.