Таразда уақытша стационардан қашпақ болған ер адам биіктен жерге құлап, мерт болды

0
797

Одан алынған COVID-19 талдауы теріс нәтиже берді.


Таразда уақытша стационардан қашпақ болған ер адам биіктен жерге құлап, мерт болды

ERNUR.KZ. Таразда ер адам аурухананың екінші қабаттағы терезесінен құлап, қайтыс болды. Марқұм бұрын бірнеше рет сотты болған, 2013 жылдан 2015 жылға дейін созылмалы алкоголизм диагнозымен тіркелген, деп жазады zakon.kz.

22 сәуірде Тараз қалалық полиция басқармасы ОБО-ға уақытша стационардан әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан бір науқас құлап, есін жимастан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Одан алынған COVID-19 талдауы теріс нәтиже берді.

Ауруханадан қашып кетуге тырысқан 42 жастағы ер адам өзін агрессивті ұстап, екінші қабаттың терезесінен жақтауға шыққанда жерге құлап кеткен.

Бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.