Таразда вакцина салдырмасаңдар, басқа жұмыс іздеңдер деген басшының басы бәлеге қалды

0
2 395

Әлеуметтік желіде жылдам тараған видео халықтың наразылығын тудырды.


Таразда вакцина салдырмасаңдар, басқа жұмыс іздеңдер деген басшының басы бәлеге қалды

ERNUR.KZ. Тараздағы №2 қалалық емхананың басшылары "коронавирусқа қарсы вакцина салдырмасаңдар, басқа жерден жұмыс іздеңдер" деп қарамағындағыларға сес көрсеткен, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Әлеуметтік желіде жылдам тараған видео халықтың наразылығын тудырды.
Аталған мекемеде жұмыс істейтін азаматтың бірі жұмыстан қуылатынына қорқып тұрғанын жеткізді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ажар Ғиният бұл мәселе жерде қалмайды деп сендірді. Егер ақпарат расталып жатса, ведомство тиісті шаралар қабылданбақ.
Айтуынша, жедел түрде жергілікті денсаулық сақтау басқармалары және министрлік тарапынан да қадағаланады.
Айта кетейік, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" кодексінің 77-бабына сәйкес қазақстандықтар екпе жасатудан бас тартуға құқылы.

"Тараздағы жағдай жөнінде министрлікке келіп түскен ақпарат бойынша комитетке тапсырма беріліп, тексерістер жүргізіліп жатыр. Әрбір өңірде министрліктің департменті бар немесе министрліктің уәкілетті комитеттері, санитарлық-эпидемиологиялық комитеттер жұмыс істейді", - дейді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният.

Сондай-ақ министрлік осы уақытқа дейін 5700 медицина қызметкері екпе салдырғанын хабарлады. Алғаш болып дәрілік препаратты қабылдаған вице-министр бірнеше симптомы байқалғанын айтады.

"Бірінші тәулікте кішкене әлсіздік байқалды. Көп әріптесім екпені алғаннан кейін осындай симптом болғанын айтады. Күрделі аллергиялық реакция болғаны туралы ақпарат біздің министрлікке жеткен жоқ", - дейді Ажар Ғиният.