"Тарбағатай" паркінің 15 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген

0
118

Кейбірінің ұлттық парктегі еңбек өтілі 10 жылдан асып кеткен.


Фото: kz24.news

ERNUR.KZ. Абай облысында "Тарбағатай" паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді", - делінген прокуратура хабарламасында.