Рейстерді аптасына 2 рет - дүйсенбі және жұма күндері "Airbus A320" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
фото: Официальный телеграм-канал Air Astana
ERNUR.KZ. Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады, деп жазады sputnik.kz.
"Uzbekistan Airways" әуе компаниясы осы жылдың 29 наурызынан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады.
"Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет - дүйсенбі және жұма күндері "Airbus A320" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды.
Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


