Тауарды несиеге сатып алғанда бағаның өзгеруі қаншалықты заңды

0
134

Ел арасында «тауарды несиеге сатып алғанда бағаның өзгеруі қаншалықты заңды?» деген сауал жиі қойылады.


Тауарды несиеге сатып алғанда бағаның өзгеруі қаншалықты заңды

Коллаж: Kazinform / ИИ

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының тұрғыны Әйгерім Сапанова сауда орындарының біріне барып, үйіне перде алмақшы болғанын, сол кезде сатушы несиеге алса баға үстіне 10 пайыз қосылатынын айтқанын жеткізді, деп жазады inform.kz.

- Бұл қаншалықты заңды? Тек сол жерде емес, қаладағы талай сауда орындарында осындай талап қойылып жатады. Неге кәсіпкер банкке төлейтін пайызын сатып алушы есебінен толтыруы керек? Бұл онсыз да қымбаттап тұрған бағаны одан сайын қолжетімсіз ете түседі, - дейді ол.
Осыған қатысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінен жауап берді.
- Сатушы тауарды сөреде көрсетілген бағамен сатуға міндетті. «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң бойынша төлем кезінде бағаны өзгертуге болмайды. Егер дүкенде төлем кезінде сөредегі баға асырылса, кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 193-бабы, 4-бөлігіне сәйкес айыппұл салынады. Яғни, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 6 АЕК (25 950 теңге), орта кәсіпкерлік – 10 АЕК (43 250 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК (129 750 теңге). Сонымен қатар тексеру нәтижесінде артық төленген ақша тұтынушыға қайтарылады және ол E-Otinish порталы арқылы шағым бере алады, - деп хабарлады департаменттен.