Тауарларды таңбалау мен қадағалау заңды бизнеске зор мүмкіншілік ашады

0
1 297

Тауар айналымын арттыру және заңды нарық құру, көлегейлі экономика көлемін қысқарту, бәсекелестік шарттарын теңестіру негізінде тауарларды таңбалау мен қадағалау жақсы мүмкіндік.


ERNUR.KZ. Тауарларды таңбалау мен қадағалау заңды бизнеске зор мүмкіншілік ашады. Бұл туралы бүгін "Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау" халықаралық форумында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

"Ақша-кредиттік жағдайдың қатаңдауы аясында инвестициялық саясат үшін кеңістіктің тұрақты түрде қысқаруы байқалады. Осыған байланысты бізге бірлесе отырып, жаңа өсім көздерін іздеуде және қолданыстағылардың тиімділігін арттыруда ынтымақтастықты күшейту қажет. Осы тұрғыда ЕАЭО кеңістігінде тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесін енгізу өзекті бола түсуде", - деді бірінші вице-премьер.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды цифрлық таңдаулау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық негіз қалыптасқан. Мәселен, 2017 жылы Қазақстанда іске қосылған тері бұйымдарын таңбалаудың ілкі жобасы қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже көрсетіп, салық түсімдерін 40 пайызға арттырған.

"Іске қосылған процестер Қазақстан экономикасына да әсерін тигізеді. Әсіресе, Қазақстан экономикасындағы контрафактілер көлемінің 1 пайызға қысқаруы заңды бизнес үшін кеңістікті босатып, тек бөлшек сауданың өзінде 100 млн доллардың тауары заңдастырылады. Біздің мақсатымыз біреу - тауар айналымын арттыру және заңды нарық құру, көлегейлі экономика көлемін қысқарту, бәсекелестік шарттарын теңестіру, ЕАЭО аясында бизнес жүргізу", - деді Асқар Мамин.