Таяу Шығыстан 1900-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

0
250


Таяу Шығыстан 1900-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

Фото: Сыртқы істер министрлігі

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қазақстандықтарды эвакуациялаудың кезекті кезеңін аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.




Ведомствоның мәліметінше, 25 маусым күні Қазақстанның Израиль мен Египеттегі елшіліктері 37 адамды, оның ішінде Қырғызстан мен Ресейдің 13 азаматын эвакуациялады. 26 маусымда бұл топ SCAT әуе компаниясының Каир – Шымкент бағыты бойынша рейсімен Қазақстанға аман-есен жеткізілді. Қақтығыс басталғалы бері Израильден барлығы 103 адам эвакуацияланды.

Ираннан 233 қазақстандық елге оралды. Олардың ішінде 135 адам Түрікменстан арқылы, 25 адам Әзербайжан арқылы, 73 адам Армения арқылы елге қайтарылды.

“23-25 маусым аралығында әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде болған көптеген қазақстандық азамат дер кезінде Отанға орала алмады. Аталған елдердегі Қазақстан мекемелері туындаған мәселелерді реттеу және отандастарымыздың тез арада оралуы үшін жан-жақты консулдық-құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетті. 24-27 маусым аралығында еліміздің Катар мен БАӘ-дегі дипломатиялық өкілдіктері қолдау көрсетіп, Қазақстанға 1900-ден астам азамат оралды”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.