"Тегін картоп пен сәбіз тау болып жатыр": әкімдік желіде тараған видеоны түсіндірді

0
880

Желіде тараған видео анықтамасында бағаны көтеру үшін өнімді әдейі лақтырып жатқаны туралы жазылған.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Павлодар облысында халықтың далада үйіліп жатқан картоп пен сәбізді теріп жатқан видеосы тарап кетті. Облыстық әкімдік осыншама өнімнің тегін берілуінің себебін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.



Видео авторының айтуынша, картоп пен сәбізді Ақтоғай ауылына үйіп тастаған.

"Міне, Павлодар облысы, Ақтоға ауданы, Ақтоған ауылы. Сәбіз тегін, камаз-камаз етіп төгіп жатыр ғой. Ал мына жақта картоп тау болып жатыр", - дейді ол.

Видео анықтамасында бағаны көтеру үшін өнімді әдейі лақтырып жатқаны туралы жазылған.

Павлодар облысының әкімдігі видеоның Ақтоғай ауылында түсірілгенін растады.

Алайда картоп пен сәбізді лақтырудың өзіндік себебі бар.

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинағанда біршама шығын болады, ондайды рефакция деп атайды. Әрбір жиналған дақылдың жалпы көлемінде рефакциялық процент болады. Оған қоса, картоп пен сәбізді сақтау қоймасына жібергенде стандартқа сай келмейтін өнім бар, ол өтімсіз тауар болып саналады. Олар ұсақ, бүлінген және тағы басқа өнімдер", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.

Ал өтімсіз тауар кез келген шаруар қожалығында кездеседі. Сол кезде олар картоп пен сәбізді үйіп тастайды. Оны халық тегін алып кете алады.