​Текеліде 11 жастағы қыз экскаватордың астына түсіп, қаза тапты

0
99

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған.


​Текеліде 11 жастағы қыз экскаватордың астына түсіп, қаза тапты

Видеодан кадр

ERNUR.KZ. Текеліде 11 жастағы қыз арнайы техниканың астына түсіп, қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша қыз жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда, оны экскаватор қағып кеткен. Жетісу облысы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Қыз бала жаяу жүргіншілер өткелінде қаза тапты
Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Бұған дейін Қазнетте оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрларда бала жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқаны, содан кейін оны экскаватор қағып кеткені көрінеді. 11 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмғаны хабарланды.
Экскаватор жүргізушісі ұсталды
Жетісу облысы Полиция департаменті жол апаты бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша Volvo маркалы экскаватор жүргізушісі қиылыстан өтіп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткеліндегі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарынан жасөспірім қаза тапты. Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жетісу облысы Полиция департаменті басшылығы бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада Mitsubishi Lancer жүргізушісі 26 жастағы әйел мен бес айлық баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Сәби алған жарақаттарынан көз жұмды, анасы жансақтау бөліміне түсті. Полиция күдіктіге іздеу жариялады.