Оралда автобусқа жабысқан 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

0
121

Жасөспірімдер Абай даңғылында №22 бағыттағы автобустың артқы бөлігіне жасырын жабысып, аяқтарын көлік бөлшектеріне тіреген.


Оралда автобусқа жабысқан 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдап, бейнежазбаларды аумақтағы мектептердің полиция инспекторларына жолдады. Нәтижесінде мектеп инспекторы өзіне бекітілген мектептің оқушылары екенін таныған, деп жазады inbusiness.kz.

Олар қала мектептерінің бірінде оқитын 8-9 сынып оқушылары болып шықты. Полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын мектепке шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін түсіндіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескертті.

Аталған жағдайға байланысты кәмелетке толмағандардың ата-аналары заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Себебі, көлік кенеттен тоқтаған немесе бұрылған жағдайда жасөспірімдер жолға құлап, ауыр жарақат алуы немесе қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін еді.