Мұндай көмек алдағы уақытта да жалғаса бермек. ⠀
ERNUR.KZ. «Семей Орманы» мемлекеттік резерватына арнайы радиотехникалық жабдықтар жеткізілді, деп жазады baq.kz.
Іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев, БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Сухроб Ходжиматов қатысты. ⠀
Радиожабдықтар БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының қолдауымен алынған және мұндай көмек алдағы уақытта да жалғаса бермек. ⠀
Өрт сөндіруге қатысқандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Иә, техника тозған. Өрт кезінде техниканың жетіспеуі мен тозуына байланысты біз дала өртінің бетін қайтара алмадық. Қарапайым дрон да болған жоқ. Осы мәселелерді шешу үшін біз қажетті жұмысты қолға аламыз. БҰҰ-ның даму бағдарламасына қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Біз бұдан әрі де бірге жұмыс істейміз деп үміттенеміз, - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков. ⠀
Іс-шара барысында «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына 220 жылжымалы радиостанция, 110 автомобиль радиостанциясы, 150 автомобиль антеннасы пайдалануға берілді. ⠀
Бүгінгі таңда 92 пайыз техникамен қамтылған. Олардың 70 пайыздан астамы тозған. Биыл республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оған 2023 жылы 51 бірлік өрт сөндіру техникасын, 38 бірлік шағын өрт сөндіру техникасын, 44 патруль автомобильін сатып алу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін толық қамтамасыз етіледі, - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев. ⠀
Сондай-ақ жиын барысында ҚР ТЖМ Министрінің бұйрығымен резерват қызметкері Біржан Жанбубеков «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. ⠀
Айта кетейік, жаңа радиотехникалық жабдықтардың бұрынғыларынан айырмашылығы, неғұрлым қуатты және берік. Орманшылар оларды сол жерде сынап көріп, жақсы баға берді.