Телефонды тыңдаудан қорғайтын құрылғы: Қарағандыда инспекция басшысы жұмыстан шеттетілді

0
595

Ресми мәлімет бойынша, әлеуметтік желіде пайда болған резонанс тудырған видеодан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметтік тексеруді бастаған.


Телефонды тыңдаудан қорғайтын құрылғы: Қарағандыда инспекция басшысы жұмыстан шеттетілді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Болат Нұрбаев қызметтік тексеріске байланысты жұмыстан шеттетілді, деп жазады tengrinews.kz.

Ресми мәлімет бойынша, әлеуметтік желіде пайда болған резонанс тудырған видеодан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметтік тексеруді бастаған.

Қазанның аяғында Instagram-дағы Ugolnaya_stolica-парақшасында қолданушы жолдаған видео жарияланды. Видео Қарағанды облысы бойынша көлік инспекциясының жаңадан тағайындалған басшысы Болат Нұрабаевтың кабинетінде түсірілгені айтылған. Кадрларда облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы мен оның әріптестері түсірілген.
"Не болып жатқанын түсіндірейін. Біз, тексеру жұмыстарымен айналысатын инспекторлар тобы, сізге сенімсіздік білдіреміз. Біз бойкот жариялаймыз. Себебі: камераны неге бұрғаныңызды (бақылау камерасы - еск.) түсінбейміз. Сізге екінші сұрағымыз: бұл кеңседе ұялы байланысты, Интернетті болдырмайтын арнайы техникалық құралдар бар ма?", - делінген видеода.


Сондай-ақ, Болат Нұрабаевтың әріптестері инспекция бастығы жұмыс уақытында кабинетінде кино көріп, темекі шегетінін айтады.