Әкімнің орны үшін ол 50 мың доллар беруге әзір болыпты.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында шенеунік аудан әкімінің орнын сатып алмақшы болған, деп жазады Stan.kz.
Бұл лауазым үшін мемлекеттік қызметкер 50 мың доллар беруге әзір болыпты. Тіпті артық ақша беріп жібермеу үшін ол саудаласқан көрінеді. Алаяқтығы ашылып қалған шенеунік өзінің сөзін тек әзіл екендігі айтып, сытылып шықпақшы болыпты.
"Телефон арқылы кім не демейді? Мүмкін ондай әңгіме болған да шығар. Достарыммен әзілдескен болатынбыз. Ондай еш ойым жоқ еді", - деп ақталды Меркі ауданы әкімінің орынбасары Міржан Сүлейменов.
Сүлейменовтың телефон әңгімесін жемқорлыққа қарсы қызметкерлердің назарын аударыпты. Олар шенеуніктің жоғары лауазымды иелену туралы айтқан сөздеріне бақылау жүргізген. Тыңдалған телефон арқылы әкім орынбасары өз ақшасын далаға шашқысы келмейтіндігін айтып, уайымдапты. Ертең оның ақшасы ақталмай қалады ма деп те ойланыпты. Мемлекеттік қызметкермен саудаласқан адам сол жақтағы беделді кәсіпкер екен.
Сүлейменовтың оқиғасы тәртіптік отырыста ұзақ талқыланыпты, біреулер оның қызметін төмендету туралы да ұсыныс білдірген. Ең ақыры жиналғандар мансапқор қызметкерге тағайындалатын тәртіптік жазаны шенеунік аңсаған ауданның әкімі шығарады деген тоқтамға келіпті.
"Рустамбеков "сенің мәселен шешіліп жатыр" дейді. Оған Сүлейменов қызметке тағайындау барысында "200 мың доллар сұрамайтын шығар, тек 50 ғана бере аламын" деп жауап береді. Артынан кейін ол "мен сосын бұл ақшаны қайта шығара аламын ба" деп сұрап жатады. Әңгіме әкім лауазымын иелену туралы айтылғаны сөзсіз", - деп мәлімдеді Жамбыл облысының жемқорлыққа қарсы департтаменттің қызметкері Қайрат Дүнбаев.