Видеоның Қазақстанға қатысы жоқ.
Telegram-арналарда Қазақстанда наразылық білдірушілер бронетранспортерлерге жанатын қоспасы бар бөтелкелер лақтырғаны туралы хабарламасы бар видео таратылуда. Бұл фейк, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Шын мәнінде, бұл кадрлар 2014 жылғы ақпан айында Киевте Майданда болған наразылық шарасы кезінде түсірілген. Сол кезде видео YouTube-та және бірнеше жаңалықтар порталында жарияланған болатын. Бұл кадрлардың Қазақстанға қатысы жоқ.