Темір тордың арғы жағындағы ерекше балабақша

0
868

Бұл жерде бір ғана айырмашылық бар - бәрі тікенді сымның арғы жағында.


Темір тордың арғы жағындағы ерекше балабақша

ERNUR.KZ. Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ЛА-155/4 мекемесінде балалар үйі жұмыс істейді, деп жазады baq.kz.

Бүгінде онда 24 бала тәрбиеленуде. Мұндағы оқу процесі тәрбиешілер мен күтушілері бар қарапайым балабақшаға ұқсас. Бір ғана айырмашылық - бәрі тікенді сымның аржағында.

Балалар үйінің бастығы Байрам Аслановтың айтуынша, мұнда балалар мен олардың сотталған аналары үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда балалар тек 3 жасқа дейін бола алады. Осы жасқа толғаннан кейін бүлдіршіндер балалар үйлеріне жіберіледі немесе туыстары оларды алып кетеді. Ал ең жақсы жағдайда аналары босатылып, балаларымен бірге бостандыққа шығады.

Біздің балалар үйі жұмыс тәртібі бойынша қарапайым балабақшаға ұқсайды: бізде үш топ бар – «жөргектегі», онда 0-ден 10 айға дейінгі балалар тәрбиеленеді, «жүре алатындар» – 11 айдан 1,5 жасқа дейін және «аға топ» - 1,5 жастан 3 жасқа дейін. Әр топта 1 азаматтық тәрбиеші және 2 күтуші жұмыс істейді, - дейді ол.

Оның айтуынша, балалар үйі мемлекет қаражатымен толық қамтамасыз етілген, медициналық, коммуналдық-әлеуметтік, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі жоқ. Балалар жасына байланысты толықтай тамақтандырылады.



Барлық үй-жай кварцтаудан өтеді, сондай-ақ егер баланың салмағы жасына сәйкес келмесе, тамақтануды түзетеміз. Бізде 2 аспаз бар, сондықтан бұл проблемалар туындамайды. Карантин кезінде шамадан тыс байланыстарды болдырмау үшін топтардағы сабақтар топтық түрде өтеді, - деп толықтырды балалар үйінің бастығы.

Жүкті сотталған әйелдер мұнда психологиялық қолдау ала алады. Ана мен бала мектебі жұмыс істейді, дәрігер-педиатр бар. Ең жақын туыстар мұнда сотталған аналармен және олардың балаларымен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулер кезінде көрісе алады. Бұдан басқа әрбір сотталған ата-ана егер балалар үйінің жұмысына наразылықтары болса, оларды колония бастығымен, прокурорлармен, сотталғандар мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғам қайраткерлерімен кездесу кезінде айта алады.