Үйінді астынан әйел адам шығарылды.
Бүгін таңғы 08:06 кезінде Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Дүкен қирап, өртенген, деп хабарлайды ERNUR.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Тексеру және барлау барысында үйінді астында қалғандардың орналасқан жері анықталды.
Үйіндіні бөлшектеп жатыр.
Бұл жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды.
23 адам, 5 техника оқиға орнына бара жатыр.
Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды. Жағдайы нақтыланып жатыр.
Оның сөзінен үйінді астында ер адам бар екені белгілі болды.
Жұмыс жалғасып жатыр.