Теміртауда тұрғын үйде жарылыс болды

0
496

1989 жылы туған пәтер иесі зардап шеккен.


Теміртауда тұрғын үйде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Бүгін Теміртауда тұрғын үй ішінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамызда сағат қаладағы Металургов даңғылындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының тұтануы саларынан бөлмеаралық қабырғалар құлап, 2 және 3-қабаттар қирап қалған.

«Жарылыс салдарынан үш пәтер бүлінген. Подъездегі барлық тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 53 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 7-і - бала. 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті және Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 22 қызметкері мен 7 техникасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі және барлық шұғыл қызмет өкілдері оқиға орнына жетті.

Төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел штаб құрылды.