Теміртауда үш жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап кетті

0
372

Ересектер баланың пәтерде жоқ екенін кеш білген.


 Теміртауда үш жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Теміртау қаласында бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен үш жасар бала құлап кетті. Оны құтқару мүмкін болмады, деп жазады zakon.kz.

"Патриот" Telegram арнасының хабарлауынша, ересектер баланың пәтерде жоқ екенін кеш білген.

Олар бала жатқан бөлменің терезесін жабуды ұмытып кеткен.

"Теміртау орталық ауруханасының дәрігерлері баланы өмірге қайтаруға бар күш-жігерін салғанымен, аман алып қала алмады".Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

6 маусымда Ақтөбеде бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетті.