Теміртауда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 11 күннен кейін табылды

0
663

Полиция оның не себепті үйінен кетіп қалғанын анықтап жатыр.


Теміртауда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 11 күннен кейін табылды

ERNUR.KZ. Теміртауда полиция қызметкерлері үйінен кетіп қалған 16 жастағы қызды тауып алды. Анасы баласын 11 күн бойы таба алмай жүрген, деп жазады Azattyq Rýhy.

«35 жастағы қала тұрғыны полицияға жүгініп, 16 жастағы қызын тауып беруді сұраған. Баласы осы жылдың 28 қыркүйегінде үйінен шығып кетіп, қайтпаған. Анасы баласын өзі іздеп таба алмаған. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің бұдан бұрын да үйінен қашып кетіп жүргенін анықтады», - деп жазылған хабарламада.

9 қазанда полицияның Шығыс бөлімінің құқық қорғаушылары волонтерлермен бірге қыз баланы Теміртау қаласының көшелерінің бірінен тауып алды. Полиция қызметкерлері қазір оның не себепті үйінен кетіп қалғанын анықтап жатыр.