Теміржол бойындағы мәйіт: полиция күдіктіні құрықтады

0
105

7 мамырда кешке Қайрат – Байсерке теміржол аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді басуға мәжбүр болған.


Теміржол бойындағы мәйіт: полиция күдіктіні құрықтады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы 2025 жылдың 8 мамырында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, 7 мамырда кешке Қайрат – Байсерке теміржол аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді басуға мәжбүр болған. Құрам 20:52-де тоқтады, ал оқиға орнында ер адамның денесі табылған болатын.

"Материал Алматы облысы Іле ауданының ПБ берілді",- деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Өз кезегінде, аймақ полициясы бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша" ізін суытпай 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция ақпаратына сүйенсек, қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.