Кейбір жұмысшылар блок-бекеттерден жалған ПТР нәтижелерін көрсетіп, өтіп кеткен.
ERNUR.KZ. Теңіз кенішіндегі жұмысшылары Covid-19 анықтайтын ПТР сынақтарының нәтижесін бұрмалағаны үшін жазаланды, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артыгалиев онлайн брифинг барысында хабарлады.
"Кейбір жұмысшылар блок-бекеттерден жалған ПТР нәтижелерін көрсетіп, өтіп кеткені белгілі болды. Мұндай жалған анықтама ұсынғандардың рұқсат қағаздары кері алынды. Факті бойынша құзырлы органдарға хабар беріліп, тергеу жұмыстары басталды", - дейді ол.
Еске салайық, Теңіз кен орнында қатаң карантиндік шаралар сақталады, санитарлық бекеттер жұмыс істейді, оқшаулау жүргізіледі. Барлық жұмысшылар кезекшілікке келген кезде және Теңізден шыққан кезде ПТР сынағынан өткізіледі.
Еске салсақ, Теңіз кең орнында тағы да коронавирус өршіп, 15 дәрігер жіберілді.