Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы корнавирус жұқтырды

0
528

Қауіпті індетке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан.


Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы корнавирус жұқтырды

иллюстрациялық фото

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпті дертке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал тоғыз науқас - Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда 54 адам емделіп жатыр. Оның 28-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 26 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.