Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемі азайды

0
453

Компания акционерлері мен мұнай тасымалдаушыларға аталған жағдай туралы мәлімет беріліп, алдын ала ескертілген.


Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемі азайды

ERNUR.KZ. Каспий құбыр консорциумы Қашағандағы мұнай өндірудің тоқтауына және Теңіз мұнай кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қара алтынды жөнелту көлемін азайтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Каспий құбыр консорциумының бас учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кен орнынан мұнай өндіру көлемі төмендетілген деңгейде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтады. Аталған факторлар Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болып отыр», - делінген Каспий құбыр консорциумы таратқан хабарламада.

Консорциум мәліметінше, компания акционерлері мен мұнай тасымалдаушыларға аталған жағдай туралы мәлімет беріліп, алдын ала ескертілген.

Еске сала кетсек, бұл уақытқа дейін Каспий құбыр консорциумы Атырау зауытындағы апат мұнай тасымалына әсер етпегенін мәлімдеген еді.