Анасының нақтылауынша, тұра қашқан бала қуғыншыларға жеткізбей подъезге кіріп үлгерген.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 9 желтоқсанда Павлодарда аулалардың бірінде 10 жасар екі бала жеті жасар баланы сабаған. Қазір психолог баламен жұмыс істеуде, ал қаскөйлер іздестірілуде, деп жазады zakon.kz.
Болған жайт туралы жәбірленушінің анасы айтып берді:
"Олар оны жерге құлатып, біреуі аяғын ұстап тұрған, ал екіншісі басы мен кеудесінен тепкен. Содан кейін біреуі оның қолынан ұстап, екіншісі қайшыны алып шығып тілін кеспек болған. Менің ұлым жұлқынып, олардан сытылып кеткен".
Анасының нақтылауынша, тұра қашқан бала қуғыншыларға жеткізбей подъезге кіріп үлгерген.
"Жедел жәрдем көлігі бізді балалар травматологиясы бөліміне апарды. Олар ұлыма мидың шайқалуы, тілі мен төменгі ерін жарасы диагнозымен ауруханаға жатқызды. Оқиға орнында бейнекамералар бар, бірақ олардың ешбірі жұмыс істемей тұрған", деп сөзін жалғастырады ол.
Балалар омбудсмені Сәуле Шакеневаның айтуынша, қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, ота жасауды қажет ететін жарақаттар анықталған жоқ. Психолог қазір баламен жұмыс істеуде. Күдіктілерді іздестіру жалғастырылуда.
"Полиция кәмелетке толмағанға қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтауға және ұстауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", деп хабарлады Павлодар-онлайн басылымы полицияға сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, қылмыстық іс шеңберінде шабуылдаушылардың заңды өкілдерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады, балалар есепке қойылады.
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу анықтайтын болады.


