Терезеден секіріп кеткен әскерге шақырылушы екі жігіттің біріне ота жасалады

0
662

Оқиға Павлодар облысы әкімдігі ғимаратында болған.


Терезеден секіріп кеткен әскерге шақырылушы екі жігіттің біріне ота жасалады

ERNUR.KZ. Өткен аптада әскери міндетін өтеуге шақырылуға жататын Павлодар қаласының тұрғындары - 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі № 1 қалалық ауруханаға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мұхамедкәрім Құлниязовқа ота жасау қажет.

«Сол жақ асық сүйегінің жабық ұсақталған сынуы, омыртқаның қысылған сынуы. Асық сүйегіне кейінірек операция жасалады. Науқастың жағдайы тұрақты. Қазір ол Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімінде емделуде», - дейді басқармадағылар.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскерге шақырылушылар 2 мамырда Павлодар облысы әкімдігінің 3-қабатында орналасқан облыстық жиналу пунктінің терезесінен секіріп, ол жерден кетіп қалған.

Қазір облыстық полиция екіншіні азаматты - Рүстем Назымбековті іздеп жатыр. Оның қайда жүргені әлі белгісіз.