Террористік және экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды дерадикализациялау мәселесі талқыланды

0
1 897

​Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Террористік және экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды дерадикализациялау мәселесі талқыланды

Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар үшін сотталған адамдарды дерадикализациялау, сондай-ақ оларды бостандыққа шыққан кезде одан әрі әлеуметтік бейімдеудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар пысықталды.

Одан басқа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды.

ТҚО отырысының қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.