Тест тапсырған мұғалім қайтыс болды – тестілеу орталығы түсініктеме берді

0
882

Ресми мәліметке сәйкес, мұғалімдер біліктілік тестін 2018 жылдан бері тапсырып келеді.


Тест тапсырған мұғалім қайтыс болды – тестілеу орталығы түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы біліктілік тестін тапсырған мұғалімнің қайтыс болуына қатысты ақпарат таратты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде жұмыс істеген 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", - дейді орталық мамандары.

Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Соңғы 4 жылда бірінші рет адам өлімі тіркеліп отыр. Осыдан кейін тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, мұғалімдер біліктілік тестін 2018 жылдан бері тапсырып келеді. Бекітілген санатына байланысты 230 мыңнан астам адам жыл сайын жалақының 30-50% мөлшерінде қосымша төлемдер алады.
"Осы ретте аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтеміз. Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді. Егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі беріледі", - деп атап көрсетті орталық қызметкерлері.
Айта кетері, бүгін Алматыда мұғалім біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болды. Ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.