TikTok балаларға арналған қауіпсіздік шараларын сынақтан өткізеді

0
488

Ата-ана мен қамқоршы өз құрылғысынан баласы көретін контентті шектей алады, ал контент авторлары жас рейтингін көрсете алады.


TikTok балаларға арналған қауіпсіздік шараларын сынақтан өткізеді

ERNUR.KZ. TikTok қосымшасы ата-ана бақылауы, жас ерекшелігі және контентке кірген кезде шектеу қоятын функцияны сынақтан өткізіп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Кейінгі жылдары жасөспірімдер арасында танымал болып келе жатқан TikTok қосымшасын әзірлеушілер брифингте балаларға ересектерге арналған контентті шектейтін шағын сынақ өткізетінін айтты.

Бейжіңдегі ByteDance-тің құрамына кіретін компания қызметкері фильмдер мен ойындарға қолданылатын тәжірибелер мен контентті бағалау стандарттары үлгі ретінде алынғанын айтты.

Сонымен қатар, ата-ана мен қамқоршы өз құрылғысынан баласы көретін контентті шектей алады, ал контент авторлары жас рейтингін көрсете алады.

Reuters агенттігі мәліметінше, TikTok қызметкері Instagram-ды жасөспірімдер психикасына зиян келтіреді деп сынға алғаннан кейін АҚШ билігі тарапынан тексеріске байланысты контентке бақылауды күшейтуге шешім қабылданғанын айтты.