TikTok қауымдастығы 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 1,5 миллион бейнероликті жойды

0
98

TikTok - қысқа бейнероликтердің жетекші платформасы Қазақстандағы платформа қауымдастығының қауіпсіздігін абсолютті басымдыққа қояды.


TikTok қауымдастығы 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 1,5 миллион бейнероликті жойды

TikTok қауымдастығының қауіпсіздігі: платформа 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 1,5 миллион бейнероликті жойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

TikTok - қысқа бейнероликтердің жетекші платформасы Қазақстандағы платформа қауымдастығының қауіпсіздігін абсолютті басымдыққа қояды. Ол үшін платформа Қауымдастық ережелерін бұзатын контентті анықтауда және әрекет етуде инновациялық технологиялар мен сарапшылардың үйлесімін қолданады. Бүкіл әлем бойынша 40 000-нан астам маман, оның ішінде қазақ тілді мамандар, TikTok қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

TikTok платформасын күнделікті миллиондаған бейнероликтер жариялайтын, миллиардтан астам адам қолданады. Компания автоматты модерация технологияларын жетілдіруді жалғастыруда, бұл Қауымдастық Ережелерін бұзатын контентті кем дегенде бір адам көрмей тұрып жоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, қазір автоматты технологиялар деңгейінде ережелерді бұзатын бейнероликтердің 80% жойылуда, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 62% құраған еді.

Жойылған бейнероликтер мен аккаунттардың көлемі мен сипаты туралы барлық ақпарат тоқсан сайын Қауымдастық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету туралы есептерде жарияланады.Қауымдастық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету туралы есепке сәйкес, 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда:

- 1.494.600 бейнеролик Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылды.

- Жойылған роликтердің жалпы санының 94,2% платформамен алдын-ала, яғни оларға шағым түскенге дейін жойылды.

Осы кезеңде бүкіл әлем бойынша Қауымдастық ережелерін бұзуға байланысты:

- 178.827.465 бейнеролик жойылды.

- Бейнеконтенттің 98,2% алдын-ала жойылды.

Өткен жылы Қазақстанда Қауымдастық ережелерін бұзған 4.225.396 бейнеролик жойылғанын естеріңізге саламыз.

TikTok сондай-ақ саяси мәнмәтінде қоғамдық пікірге әсер ету мақсатында ықтимал, жасырын ақпараттық науқандарды анықтау және оларды тоқтату арқылы ашықтықты қамтамасыз етуге арналған жеке есепті іске қосты. Екінші тоқсанда бүкіл әлем бойынша TikTok 1.702.277 адамнан тұратын жалпы жазылушылар аудиториясы бар 2.240 аккаунттан құралған 14 жасырын әсер ету желілерін тоқтатты.

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнероликтер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.