«Тіліне 8 тігіс салынды»: дәрігерлер Талғарда ұрланған қызға ота жасады

0
400

Қанды оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты


«Тіліне 8 тігіс салынды»: дәрігерлер Талғарда ұрланған қызға ота жасады

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматы облысының Талғар қаласында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұған дейін ер адам жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, екі жасар қызды ұрлап кеткен еді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Адвокат Гаухар Сариева әлеуметтік желідегі парақшасында бүлдіршіннің жағдайы туралы хабарлады. Оның айтуынша, балаға шұғыл операция жасалып, тіліне 8 тігіс салынған.

«Қылмыскер кішкентай қызды көлікке мінгізіп алып, бірге аударылып түсті. Сол кезде бүлдіршін жарақаттар алып, тіліне тігіс салынды. Қылмыскер баланы ұрған жоқ. Оның тірі қалғанына шүкір», – деді адвокат.

Сариеваның айтуынша, оқиға кезінде баланың анасы үйде болмаған.

«Ол онкологиялық науқас көршісіне дәрі қойып жатқан. Дәл осы сәтте қылмыскер келіп, оны және қызын іздеген. Егер үйде болғанда, жағдай мүлдем басқаша өрбуі мүмкін еді», – деді ол.