Сенат депутаттары президенттің кандидатурасын қолдады.
ERNUR.KZ. Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп жазады stan.kz.
Ұлттық банктің жаңа басшысын Қазақстан президенті парламент сенатының келісімімен тағайындайды.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.
Айта кетейік, Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беруі Сенаттың ерекше қарауына жатады.
Бұған дейін, Ұлттық банк төрағасы болған Ғалымжан Пірматов лауазмынан босатылғанын жазған едік.