Тимур Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

0
770

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.


Тимур Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.

Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.

2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.

2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды.

2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi.

2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры.

2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры.

2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы.

2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды.

2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.