ТМД елдері бойынша ең қымбат такси қызметі Қазақстанда болып шықты

0
863

Былтыр таксопарктердің табысы 6 млрд теңгені құрады.


ТМД елдері бойынша ең қымбат такси қызметі Қазақстанда болып шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанда такси қызметінің құны 0,61 АҚШ долларын құрады, бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазады sputnik.kz.

Әзербайжанда стандартты тариф бойынша 1 км үшін такси ақысы 0,59 АҚШ доллары, Ресейде — 0,34 АҚШ доллары, Украинада — 0,32 АҚШ доллары, Беларусьте — 0,31 АҚШ доллары, Армения мен Өзбекстанда — 0,3 АҚШ долларын құрайды.
"2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17%-ке өсіп, 5,9 млрд теңгені құрады. Осы кезеңде такси қызметін 47,4 млн адам пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 2%-ке аз", -делінген хабарламада.
2023 жылдың желтоқсаында такси тарифтері өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1%-ке өсті.
Өңірлер бойынша баға ең көп Алматы қаласында өсті: бір жылда 30,3%-ға қымбаттаған. Одан кейін баға Ақтөбе және Абай облыстарында тиісінше 22,1% және 17%-ке өскен.
Такси қызметі құнының ең аз жылдық өсімі Маңғыстау облысында тіркелді. Мұрнда баға 1,2%-ке артқан. Тағы үш облыста — Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
Бұған дейін такси жүргізушілері ресми түрде тіркеуге тұра алатыны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, Қазақстанда онлайн платформалар қызметкерлері үшін, атап айтқанда такси агрегаторлары үшін арнайы салық режимін енгізу жоспарланып отырғанын қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтқан еді.
Оның айтуынша, такси жүргізушілері заң аясында жұмыс істегісі келсе, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.
Біржанов жаңа талап шеңберінде операторлар салық төлеуші ретінде қарастырылып жатқанын айтты.