Зардап шеккендер сот шешімімен келісті, тек мейрамхана иесі үкімді қайта қарау үшін шағымданды.
фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова
ERNUR.KZ. Екібастұзда тойға барған адамдардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шығарылды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл оқиға былтыр сәуір айында болған. Бір күннің ішінде 32 адам медициналық көмекке жүгінген.
Одан кейін зардап шеккендердің саны күрт өсті. Той қонақтарының ішінде Астана, Қарағанды мен Павлодар тұрғындары да болды. Олар да үйге барғаннан кейін көп ұзамай ауруханаға түскен.
"Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді. Зардап шеккендер сот шешімімен келісті, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс те өткізген. Сол кезде қызметкерлердің арасында 9 адамнан патогенді стафилококк, ал төртеуінде сальмонеллез анықталған болатын.