Тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды

0
666

Бұл жайт 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде болған.


Тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Шымкентте тойхана залына кіргізілген жылқы малына қатыгездік танытқан тұрғындар анықталды, деп жазады Inbusiness.kz.

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында орамалмен көзі байланған атты баспалдақтан төмен түсіруге әрекеттеніп жатқан ер адамдар туралы видеоны байқағандарын мәлімдеді.

Тексеру нәтижесінде бұл жайт 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде сүндет той кезінде болғаны анықталды.

"Жылқының иесіне қатысты тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 407-1 бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Тәртіп сақшылары жануарларды ұстау кезінде оларды ұрып-соғуға, азаптауға, жануардың өліміне, жарақаттануына әкеп соқтыруы мүмкін зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін ескертеді", - делінген хабарламада.