Тоқаев Абай облысы тұрғындарының жаппай акциясын қолдады

0
481

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғалы "Семей орманы" қорығының аумағына 70 мыңнан астам көшет отырғызылған.


Тоқаев Абай облысы тұрғындарының жаппай акциясын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тұрғындардың Семей төңіріндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру туралы бастамасын қолдады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін бірегей орманды қалпына келтіру үшін Бородулиха ауданына мыңға жуық адам шыққаны хабарланған болатын. Жаппай акцияға барлығы 30-дан аса ұйым қатысты, әрине, жастар бірінші болып үн қосты – Шәкәрім атындағы университеттің "Жасыл ел" бөлімшелері.

Жалпы, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғалы "Семей орманы" қорығының аумағына 70 мыңнан астам көшет отырғызылған.