Президент кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқан Қазақстан және шетел азаматтарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп жазады Stan.kz
Президент кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты.
“Қайғылы оқиғаға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды”,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. 56 адам мектепке уақытша орналастырылды. Өртенген хостелдің 1,5 ай бұрын ашылғаны белгілі болды, онда шетелдіктер тұрып келген. Әкімдіктің мәліметінше, қаза тапқандар арасында 11 қазақстандық және екі шетелдік азамат бар.
Сондай-ақ куәгерлердің Алматыдағы хостелде не себепті көп адам ажал құшқанын айтқаны туралы жазған едік.