Президент шахтадағы апаттан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.