Тоқаев Бішкек қаласына барды

0
870

Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады.


Тоқаев Бішкек қаласына барды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.


Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу, соның ішінде Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді.