Тоқаев: Итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті

0
747

Мемлекет басшысының айтуынша, Маңғыстаудың экологиясында күрделі түйткілдер бар және экологиялық тепе-теңдік пен Каспийдің биоалуандығын сақтау – маңызды міндет.


Тоқаев: Итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті

иллюстрациялық фото

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында президент экология саласында күрделі түйткілдер бар екенін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының айтуынша, Маңғыстаудың экологиясында күрделі түйткілдер бар және экологиялық тепе-теңдік пен Каспийдің биоалуандығын сақтау – маңызды міндет.

"Бүгінде итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті. Бұған адам факторы және экологиялық ахуалдың өзгеруі әсер етіп жатыр. Итбалық Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл жануардың жойылып кетпеуін және оның санын бұрынғы қалпына жеткізуді мен тікелей бақылауда ұстап отырмын. Жазда Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтына бардым. Бұл мекеме итбалықтардың азаю себебін зерттейді. Мұндай маңызды мәселеге кешенді ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Бұған дейін Маңғыстау облысындағы итбалықтарды сақтау үшін мемлекеттік табиғи қорықтар құру жоспарланған болатын. Экология министрлігі бұл жұмысты тездетіп, тиісті шешім қабылдауы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу, судың тартылу себебі мен салдарын жан-жақты әрі жіті зерттеу керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн деп есептейді.