Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіне тағы да бірқатар адамды тағайындады

0
80


Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіне тағы да бірқатар адамды тағайындады

Фото: Коллаж Stan.kz

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жасады, деп жазады Stan.kz.

Қауіпсіздік кеңесіне жаңа қызметке ие болғандар:

Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол да бұрынғы қызметінен босатылды.

Нұржан Қажыақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Геннадий Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.