Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

0
394

Ресейдің Ульяновск облысында болған жол-көлік оқиғасында 16 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Оның 14-і Қырғызстан азаматтары.


Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Ресейдің Ульяновск облысында болған жол-көлік оқиғасында 16 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Оның 14-і Қырғызстан азаматтары. Үш қырғызстандық аман қалған. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Шағын автобус екі жүк көлігі арасында қысылып қалған. Адам өліміне себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі де қаза болған.