Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр

0
843

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.


Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды бақылап отыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.