Тоқаев қызметінен кетуге тиіс шенеуніктерді сипаттады

0
534

Президент дамудың шешуші кезеңіне аяқ басқанымызды мәлімдеді.


Тоқаев қызметінен кетуге тиіс шенеуніктерді сипаттады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында қандай шенеуніктердің қызметінен кетуі керегін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Мен мемлекет басшысы ретінде халық үшін барлық күш жігерімді жұмсай беремін. Мемлекеттік қызметкерлер және бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін жұмылуға тиіс. Әйтпесе кеш қалуымыз мүмкін. Дүние жүзіндегі ахуал құбылмалы.
Мемлекет басшысының бағытына күмәнданатындар, міндетін атқара алмай отырғандар, мүмкін жай қызметте уақыт өткізгісі келетіндер, Президенттің тапсырмасын орындаудан жалтаратындар, менің ойымша, қызметінен кетуі керек. Қазір біз дамудың шешуші кезеңіне аяқ бастық», - деді Президент.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев бүгінгі жолдауында шығынға батқан ұлттық компаниялар мәселесін көтеріп, олардың басшыларының жауапкершілігі жайында сөз еткен еді.

«Неге кей ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар шығынға батады, ал олардың басшылары неге жауап бермейді? Үкімет осы мәселені шешуі керек», - деді Тоқаев.