Кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға коронавирустан тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!», - деп жазды Президент Twtitter -дегі парақшасында.
Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 18, 2020
Еске сала кетсек, кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.